Біздің орталық Қарағанды қаласы, Щорса көшесі 53 мекен-жайы бойынша немесе жай ғана Майқұдықта орналасқан.

Бізден басқа қалада 4 перзентхана бар ,бірақ тек біз ғана жеке меншік орталықпыз. Бұл жағдай басқа перзентханаларға қарағанда артық жақтарымызды көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы біздің талантты мамандарды жұмысқа алуға үлкен мүмкіндіктеріміз бар. Басқарудың ыңғайлы формасы бюрократияны қысқартып, тек жұмысқа ғана назар аударуға мүмкіндік береді. Ол дегеніміз әйел қауымына білікті және жоғары мамандандырылған акушер-гинекологиялық көмек көрсету.

Біз педагогикалық қызмет көрсетеміз

«ААГО» ЖШС жыл сайын 300 студент білім алатын Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеттің акушерлік және клиникалық базасы болып табылады. Оқыту үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі)  оқытылады. Сонымен қатар, біз «Жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша Қазақстандық ассоциация» АҚ Филиалы болып табыламыз және Қарағанды облысының дәрігерлеріне «Репродуктивті денсаулық және отбасыны жоспарлау», «Репродуктивті денсаулық бойынша қызметтер және саясатты жақсарту» тақырыптарына тренингтер жүргізеді.

Біз халықаралық стандарттарды енгіземіз

Әлемдік денсаулықсақтау ұйымдарының 2009 жылдан бергі ұсынымдарына сәйкес мекемеге «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету» атты Қазақстан Республикасының Ұлттық бағдарламасы енгізілген. Осы бағдарлама аясында босануға қатысты емдік-диагностикалық тактикалар қайта қарастырылды. Нәтижесінде біз тәжірибемізде медикализацияны, партнерлік босану, босанудағы еркін жағдайларды қолданамыз және агрессивті акушерлік жинақтардан толығымен бас тарттық.Неонатальды бөлімшеде эксперттік санаттағы жоғарғы технологиялық жабдықтарды қолданудың арқасында дене салмағы өте төмен жаңа туған нәрестеніңөміршеңдігін жақсарттық.

Біз әрдайым жетіліп отырамыз

Біздің орта буын дәрігерлері мен қызметкерлеріндемаман сертификаты бар, Қазақстан Республикасының дипломдық білімнен кейінгі мекемелерде кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады, отандық және шетелдік клиникалармен бірлесе отырып ғылыми жұмыспен айналысады және ұсынылған Мемлекеттік және әлемдік стандарттарға толығымен жауап береді.

Біздің миссия

Біздің миссиямыз-ана мен бала денсаулығын сақтау, алдын алу арқылы ұлт денсаулығын жақсарту, медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, жоғары медицина қызметкерлерінің біліктілігін қолдану арқылы дәлелді медицина негізінде гинекологиялық ауруларды уақтылы емдеу.

Мекеменің құндылық кешені

  • мейірімділік
  • әрбір пациенттің құқығын сыйлау
  • кәсібилілік және үздіксіз сапаны жақсарту
  • коллегиалдылық
  • ашықтық
  • шыншылдық, әдептілік, жауапкершілік, тәртіп жоғары кәсіби этика
  • емдеу мен диагностиканың қазіргі заманға сай және инновациялық технологияларын енгізу
  • ғылыми және білім беру қызметін арттыру
  • бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Клиниканың директоры жоғары санаттағы дәрігер-акушер –гинеколог, «Жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша Қазақстандық ассоциация» үкіметтік емес ұйымның Қарағанды филиалының Президенті Татьяна Андреевна Юзик болып табылады. Татьяна Андреевна Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды  және бірнеше рет денсаулықсақтау саласының жоғары органдарының мақтау  қағаздарымен марапатталды. Татьяна Андреевнаның өз қызметкерлерінің алдына қоятын басты мақсат – пациенттердің қажеттіліктері мен мұқтаждығына бағытталған, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсете алатын, азаматтардың өз денсаулықтарына деген жауапкершіліктерін дамытуға бағытталған нәтижелі ұйым құру.

Тарихтан

Қарағанды қаласының «Аймақтық Акушерлік-гинекологиялық Орталық» 1955 жылы негізі қаланған №3 қалалық перзентхананың базасында 02.11.1997 жылғы №447 –п Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен құрылған. 2006 жылдың қараша айында «Аймақтық Акушерлік-гинекологиялық Орталық» ЖШС ретінде қайта  тіркелген. 2012 жылдың қазан айында ААГО Ресей денсаулықсақтау федералдық анықтамалығының реестріне енгізілді.