«Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық» ЖШС бұл әйел қауымына стационарлық және кеңестік-диагностикалық акушер-гинекологиялық жоғары мамандандырылған және кәсіби көмек көрсететін медициналық мекеме. «ААГО» ЖШС бөлімшелік құрылымдық бөлімшелерінің құрамына стационар амбулаторлық гинекология орталығы, кеңестік-диагностикалық блок және әкімшілік жатады.
Стационар жалпы қоры 156 төсекті құрайтын екі емдік корпуста орналасқан. Жыл сайын стационарда 8 мыңнан астам әйел медициналық көмек алады және 3 мың босану жүргізіледі. Стационардың жұмысы бірінші және екінші акушер-гинекологиялық орталықтың, босану бөлімінің, гинекологиялық бөліммен, неонатальды бөліммен, операциялық блоктың, физиологиялық кабинеттің және қабылдау бөлімінің көмегімен жүзеге асады.
«ААГО» ЖШС құрылымдық бөлімшелері
- Бірінші акушер-гинекологиялық бөлім
- Босану бөлімі
- Гинекологиялық бөлім
- Неонатальдық бөлім
- Операциялық бөлім
- Реанимацияның анестезиология және интенсивті терапия бөлімі
- Клиникалық – диагностикалық зертхана
- Амбулаторлық гинекология орталығы